26.03.2019
Көркемөнерпаздар байқауы
Первомай орта мектебінің оқушылары мен көркемөнерпаздар қауымы 2019ж. Ақпанның 19 жұлдызында «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған «Ақмола жұлдыздары - 2019», «Жастар жылына» арналған көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.Концерттік бағдарлама мектебімізде ұйымдастырылды. Көркемөнерпаздар байқауына ауылдың тұрғындары , қадірменді қонақтар қатысты. Байқауымызға ауданнан келген қонақтарымызбен таныстырды : Бурабай ауданының Мәдениет үйінің директоры Жамантыкова Айсұлу Кабденовна, Бурабай ауданының Білім бөлімінің әдіскері Федорова Татьяна Петровна, Бурабай ауданының «Жастар ресурсы» орталығы директорының м.а. Балтагожина Алия Омиртаевна және Златополье селолық округінің әкімі Сипульдин Сакен Сабыржанович.



