"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Обалы ауылының негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Обалы отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауыл тарихы

 Первомай  ауылы ертеде «Обалы» деп  аталатың .                                                                                                                                                                                                                                         Ертерек  кезде  ауыл  маңында әр  жерде  қолмен  үйілген  төмпешіктер көп болатын.Қарттардың айтуына  қарағаңда қазақ-қалмақ  соғысы  жүріп  өткен  жерлерде осындай  төмпешік-обалар  көп пайда болған.Бұл обаларға соғыста өлгендерді  көмген, немесе елден тоналған  дуние-мүлікті сақтау үшін әдейі  қазылған қоймалар.Кейінгі  кездері  техникалар  басып  жылдан-жылға шөгіп, қазір жермен  жексен болған.Міне осыдан  барып «Обалы» деп атаған  екен,кейіннен ауыл да «Обалы» аталды.

Шежірешілердің  айтуына  қарағанда Бақтыбай деген бабамыз сонау Жиделі-Байсың-Сыр бойынан  1560 жылдары  Атығай мен  Қарауыл балаларын  Қызылжар,Көкше өңіріне әкеліп қоныстандырса керек(«Көкшетау»газеті,31.10.91ж ).1929 жылы большевиктік  коллективизация кезінде  Қарауылдың  Қараүңгірді  мекендеген  Ыдықбай,Ақсайды мекендеген  Малай рулары бірігіп Обалыға  қоныс  аударды.Қараүңгір деген  ауыл  қасында орналасқан  көл .

Обалы ауылының  түпкілікт і тұрғындары негізінен  ру жағынан Қарауыл-Қараша-Ыдықбай  руынан тарайды.Ыдықбайдан:Сырлыбек,Сәдібек,Сәмбет,Рыстымбек,Дәулі,Алатан,Құланшы болып, жеті ата тараса,обалылықтар  Сәмбет ұрпағына жатады.

Көнекөз  қарттардың айтуы бойынша 107 жасқа келген Сәмбет бабамыздың зираты Сырымбет жерінде.Сол бабамыздың  ұрпағы  Жарылғап атамыз  жобамен  1750-1755 жылдары Сырымбет жағынан қоныс аударып Қараүңгірге тоқтайды Үлкен  бәйбішесін «Қараүңгірде»,екінші әйелін «Түктіге»,үшінші әйелін  «Сарыадырға»қоныстырады.

Жарылғаптан-Арал,Сақау,Бұғыбай,Талтақай,Бөжекей-деген бес  ұл туған.Сол  бесеуден тараған-Кәдір,Қабыл,Бүкі,Құлтай,Құлгелді,Бүйрек,Ауқан,Шотан-ұрпақтары  Қараүңгірде  бертінге дейін мекендеген.

1907 жылдары Ресейден  переселендер көшіп  келіп Қараүңгірдің  бір жағында «Сазды-ағаш»деген  жерде поселок  салып оны «Новосавинной» кейіннен «Многосопочной»,ал Совет үкіметікезінде «Борьба»колхозы деп  атады.Қазір  халқы тарап,жұрты ғана жатыр.Кенес  үкіметінің  алғашқы кезінде ауылдарда «Қосшы ұйымдары»құрылып,кедейлер бірігіп,артель  бола бастады.»Олжай ауылдық кенесі» бойынша 1926-жылы құрылған  ұйымды кедей-батрак  Қонақайұлы  Қожақан  басқарды.  

1928-жылы уезден  землемер шығып  жер бөлісіне кірісті.Ол кісі жаз бойы  Қараүңгірде өзіне арнайы тігілген кигіз үйде тұрып,жер бедерлерін  картаға түсірумен айналысты.Қасына көмекшілікке  Елеманұлы Есләмбекті  алды.

1928-жылдан жаз шыға жер бөлісі жұмысы қыза түсті. Оған  ағайынды Еламанұлы  Ыбырай, інісі  Есләмбек  және  Жақыпбекұлы  Бәйкен  бір  тілді сақаға  өгіз  жегіп,землемердің  басқарумен  борозда  тартып, жер  бөлісін  бастады.Сол жазда басқа жұмыстар да қолға  алынды.Мысалы ауыл болар жерден  Ұрымқайдан жалдаған «Ереныч» деген  орыс жігіті ауыл адамдардың көмегімен 2 құдық қазып,шамамен  18-20 метрден су шығарып, екеуін де тас  шенбермен  шегендеді.

1929-жылдан үкімет  жарлығымен  халықтың  ата-мекені  болған  Қараүңгірді  тастап, көктем  туа Обалыға  алғашқы отбасылар көшіп келіп орныға  бастады.Қолда  бар жұмыс  көлігі  мен құрал саймандарын ортаға салды.Алғаш көшіп келген 12 шанырақ.

1929-30 жылдары орыс байының  қос бөлмел і ағаш үйін бұзып әкеліп, Обалыға бастауыш мектеп салынды.

1-қыркүйекте мектеп  дайын  болып Обалы, Түлкілі  ауылдарынан  оқушылар қабылдап сабақ жүргізілді.Жас жігіт  Жақыпбеков  Нүркен  алғашқы ауыл мүғалімі  болып келді  . 1941 жылға  дейін мұғалім  болып қызмет атқарды.Нүркен ағаның  алдынан сабақ алған оқушылары латын  өрлімен орыс әрпін қоса жазып үйренді. Қалай болса да бұрынғы сауатсыз  ауыл адамдары оқу-жазуды менгерді

1930-жылы көктемгі  егіске  12 шанырақ бірігіп бірінші рет   1.5-2 гектардай  жер жыртылып,тұқым себілді.Сеялка  болмандықтан   тұқым қолмен  себілді. Тұкым  себіліп болған сон ,Қараүңгір жолының  екі жағынан тың жер жыртылды.Күзде  егін  ору науқаны басталып,Қонакаев Қожақан 2 лобогрейка  әкеліп ,біріне бау  тастауға  өзі отырса,екіншісіне Жоломанов Тортай бау  тастады.Егін жақсы шығып ,тұқымдыққа қалдырып, қалған  астық үй басына бөлінді.

1931-жылы Қараүнгірден баска да шанырақтар көшіп келе бастады.Енді  Обалы ауылында барлығы  40 шанырық  болды.Колхоз бойынша  26 бас өгіз,24 бас ат,жұмыс  көліктері  және қурал сайманы көбейді.

1932 жылы жауын-шашын  шамалы болып қурғақшылық  басталды ,егіс  көлемі  небары  50-60 га болды,халықта  азық  қоры азайып, ашыға бастады.Жана дәндеп  келе жатқан бидайдың басын қуырып  жеп қоректенді.Сол 1932 жылғы зобалан-ашаршылық  болып  2жарым  млн. қазақ аштан қырылғанда  Обалыда  аштыққа ұшыраған өлген-жіткендер  болған жоқ,бірақ кейбір  жанұялар қолдарындағы ақырғы малдарын да сойып жегендер болды.

1933 жылы Обалы, Түлкілі, Ақсай ауылдарын қосып бір колхоз  ұйымдастырылды.Орталығы  Обалы болды.Әр ауыл өз алдына  бригада болып,көктемгі  егісті өздері жүргізді.Әрбір ауылда шамамен  40-50 га. егіс көлем і  болды.Ағаштан  қыйып сыйыр қора салынды, мал суару  үшін терендігі  шамамен 25 метрдей құдық қазылды.

Осы жылдары  колхозда  ешқандай өзгерістер болған  жоқ тек басқармалар ауысып әр ауыл өз алдына жеке колхоз болып қалды.

1936 жылдан Обалы колхозында  Қонакаев Қожақан  босқарма болып сайланды.Бұл атамыздың жіті басшылығы мен  ұйымдастыру  қабілетінің  арқасында колхоз  өмірі жандана бастады.

1936-жылы Зерендіде  алғаш ашылған  трактористік  курсқа ауылдан бес жігіт оқуға жіберілді. Олар  Найзабеков Қаби, Ибраев Бикеш, Сұлтанов Ораз,Нұрқанов Мұқатай,Мақышев Қали.

Сол жылы «Балкашин « ет совхозынан  бірнеше сауын  сиыр әкелініп және колхозшылардан алынған  сиырларды  қосып сүт фермасы ашылды.

1937-жылы көрші «Шағалалы» колхозынан  40 ұрғашы тоқты, артынша 35 тоқтыны «Красный броневик»колхозынан  сатып  алып, қөй өсіру шаруашылығы алғаш қолға  алынды.Сол жылы «Строитель» колхозынан  шөпке  және  екі өгіз беріп 4 бас түйе  айырбастап алынды.Сөйтіп колхозда  мал өсіру шаруашылығы өркендей  бастады.

1939-40 жылдары колхозда  Ұрымқай  Мтс-нан  бөлінген  техникалар жұмыс істей бастады.Бірнеше Хтз-Чтз  тракторлары, «Коммунар- Сталинец» комбайны жұмыс істеп,егістік жер көлемдер і ұлғайтыла  түсті.Сол кезде колхоз  бірінші рет  Ама-1 автомобилін  сатып алу дәрежесіне жетті.Механизаторлардың  көпшілігі  ауылдың өз жігіттері болды  олар көптеген жылдар бойы байлар мен құлақтарда жалда  жүріп, шаруаны жақсы игерген.

Міне, осылай  жыл сайын шаруашылығы дамып ,тұрмыс  жағдаилары жақсарып  келе жатқанда 1941-жылы Ұлы Отан соғысы басталып  кетті.Сол жылдары ауылда 47 шанырақ болатын.Жігіттерді соғысқа шақыра бастады.Әскерге алынған  барлық жігіттердің  саны 57 болса, соның 34 соғыстан қайтпады.Ал әскер жасына толмаған  14-15 жастағы жасөспірімдері Фзу-ға алды. Осылай ауылдағы  барлық ер-азаматтар  майданға,Фзу мен Трудармияға  аттанғанда, ауылда   еңкейген шал-кемпірлер, әйелдер мен жас  балалар ғана қалды.Колхоздың  ендігі бар шаруасы  мен ауыртпалықтары осылардың  мойнына түсті.Мектеп  жасындағы, буыны бекіп, қабырғасы қатпаған балалар шамаларына қарай колхоз шаруашылығына  аралысты.Олар  : Жақыпбеков  Әлмұханбет, Сәрсекеев  Алшекен, Баймағанбетов  Қайыркен, Кабдуллин  Сабыр, Ыбыраев  Құмырбек,Камалиев  Уазір, Жоломанов  Қайырдос, т.б. жасөспірім  11-12  жастағы  балалар  болатын. Жаз  бойы қос  басына  қонып, бозала  таңнан  қас  қарайғанға дейің, өгізбен жер  жырту, шөп  дайындау жұмыстар  адам  түгілі  малды  да қажытады екен.  Елдегі бар механизаторлар соғысқа кетіп, тракторлар  тұрып қалды.Сондықтан да әйелдерді оқытып,тракторға  отырғузыға  тура келді.Ұрымқай Мтз-нан  оқып келіп,тракторист болған әйелдер :Тасова Мағзипа,Оразалина Асылтас,Күншуакова Күлмән,Найзабекова Мекіш.Комбайын болмағандықтан  егінді  лобогрейкамен  жығып,баулап алқапқа  маялап, жалғыз «Коммунар» Комбайнымен, мая-маяның  арасын, қалың  қарды күреп жол салып, бірнеше пар өгіз жегіп,комбайынды сүйреп жүріп, қыс бойы егін соғып,түскен  астықты  мемлекетке  жөнелтетін. Ол кезде «Бір дән –бір оқ « деген ұран болды.

Соғыс  болған  4 жылдың  ішінде талай  боздақ-азаматтар «мерт» болып «Қарақағаз» келіп  артында  ата-анасы,асыл жарлары, бала-шағасы шулап қалғандар көп.Тіпті  бір шаңырықтан  екі бірдей боздақтың оралмағаны бар. 1941 жылы барлық елге «соғыс» деген суық хабар жетті. Бейбіт  жатқан  халқымыздың  шырқы бұзылып,сағысқа белі  қатаймаған жастан,еңкейген  қарияға  дейін қолына қару алып,Ұлы Отанымызды жаудан қорғауға аттанды. Жауынгерлердің   қатарында балалық шағы  соғыспен дөп келген жас  қыз Бибидің ағасы  Дәукен атада бар еді. Тұлымшағы желбіреген жас қыз ағасымен осылайша қимастықпен қоштасқан еді.Шажанбаева Биби  1927 жылы  Обалы  ауылында  дүниеге келген.Жас  Биби  жұмысқа 13 жастан  еңбек етіп,көз жасы көл болып бауырларын тосуда еді. Ақыры көптен күткен сағынышы  1945  жылы болатын  ауылға 2 аттыншы солдат келіп,соғыс аяқталды ,Жіңіске жеттік деген хабарды жеткізіп,сүйінші сұрады. Соғыс уақытында тылда жұмыс істеп, майдангер жауынгерлер үшін еңбек етеді.Тың жерлерді игеру жұмыстарына қатысады. Еңбек ардагері медальдармен  марапатталады.

1944  жылы  13 жасар  Шажанбаева  Биби  апаның  ағасына  майданға  жазылған  хаты :

Қош  құлыным , сен  бесікте  қаласың,

Қан  майданға  қарсы  туған баласын,

Сілкіндіріп шырылдаған  дауысың

Европа  мен  Азияның  арасын,

Қош құлыным үзілмесін күдерің,

Сенің  үшін жараланса жүрегім

Әкен  дауысы құлағыма  келеді,

Тез  келеді жүрейінші, жүрейін

Қош  құлыным алдымызда алтын  тәң,

Бостандықта, майданда  жұр  мың-мың жан

Жауға  қарсы аттануға тұрды анаң

Оққа  ұшырап  келе  алмасам оралып

Апам өлді, кетті деме  жоғалып.

Менің  тамған әрбір  тамшы қанымды

Мың-мындаған батыр шығар қолға  алып.

1943-44 жылдары сталиндік репресиямен  жер аударылған ,неміс,шешен-ингуш  жанұялары көптеп  әкелінді  де ,колхозда жұмыс  қолы молая түсті.Неміс  халқы қандай жұмыс болса да білек сыбана кірісетін,еңбекқор,тыңғылықты екендігін  көрсетіп  жергілікті  халықпен қоян-қолтық араласып тіл табысып кетті.Ауыл  қазақтары да кеңпейіл,қонақжайлық  білдіріп, олармен  қолда бар азық-түліктерімен  бөлісті.Қазақтар  өз үйлерін  босатып  беріп,өздері  туыстарының   уйлеріне көшті.Неміс  халқы да «Жақсылыққа-жақсылық» дегендей,қазақтың  салт-дәстүрін,тілін  тез үйреніп  кетті.Міне ,осылай  екі  халық  арасындағы  татулық-достық  нығайып,қыз алып, қыз беріп, құда да болды.Кейінгі   жылдары Обалы  ауылындағы 30-35 неміс  шаңырақтары тік көтеріле тарихи  ата- мекендері  Германияға көшіп  кетсе де, кетерінде  қимас туыстардай  болып «кетерлігін»жасап,жылап-сықтап айрылысты.

1945 жылдың  9 майы халықтың  көптен армандаған  күні,Женіс  күні де жетті.Соғыс  бітті «Жеңіс» деген  хабарды жеткізіп,көрші   Юрьевка   ауылынан  мотоцикліне  ту  байлаған  орыс жігіті елді қуантып кетті.

Енді соғыстан  аман қалған азаматтар елге  оралып, ауылда  шама-шарқынша  той-думандар  бола бастады да, жігіттер бірнеше жылдар бойы жүдеген  елдің  жағдайын түзетуге кірісті.

Соғыстан елге  оралғандар:

1.Еламанов Есләмбек,мүгедек,бір аяқсыз оралды.

2.Жамантыков Жүніс.

3.Рахымжанов Хамза.

4.Тасов Қожахмет.

5.Ашубасаров Ермақ.

6.Жұманов Әмір.

7.Садуов Серикбай.

8.Қабибулин  Есмағанбет.

9.Жақыпов Даукен.

10.Оразалин Толқын.

11.Тортаев Жүсіп.

12.Тортаев Сатыбай.

13Дәнгілов Қоқыш.

14. Дәнгілов Шаймурат.

15. Бітеуов Кенесбай.

16.Жақыпбеков  Байкен.

17. Сұлтанов Ораз.

18.Ибраев Бикеш.

19.Күншуаков Хамза.

20.Беков Масғут.

21. Беков Сабит.

22. Найзабеков Қаби.

23. Сауытбеков Байдаулет.

24. Қасымов Әбдіқалық.

25. Ыбыш.

1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында оралмаған және хабарсыз кеткендердің  тізімі:

                                                           Обалы ауылы

1.Ашубасраов  Ахат  1916 ж.туған,хабарсыз кеткен.

2.Ахметов Олжабай 1924 ж.туған,1944 ж. Қайтқан.

3.Бекболатов Байдул 1916 ж.туған,хабарсыз кеткен.

4.Балғожин Сайдалы 1915 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

5.Беков Нұрғазы 1920 ж. Туған, хабарсыз кеткен.

6.Бегалин Сейілбек 1924 ж.туған,хабарсыз кеткен

7.Даиров Бекен- 1941 қайтыс болды.

8.Даиров  Доскен-1941 ж.Қайтыс болды.

9.Ельтоков Қали 1904 ж .Туған,хабарсыз кеткен.

10.Жакупбеков Нұркен  1909 ж.Туған,1945 ж.Қайтқан.

11.Жакупов Ерхамбет 1916 ж.Туған,хабарсыз кеткен.

12.Жамбаев Мейрам 1904 ж.Туған,1944 ж.Қайтқан.

13.Жанбутин Байгуш 1905 ж.Туған,хабарсыз кеткен.

14.Жуманов Қайырбек 1904 ж.Туған, 1945 ж . Қайтқан.

15.Жуманов Орза 1905 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

16.Жусупов Жанбатыр 1916 ж. Туған, 1944 ж. Қайтқан.

17.Канафин Нұрымбек 1914 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

18.Камалиев Зангир 1922 туған, хабарсыз кеткен.

19.Қонакаев Ескендір 1924 ж. Туған, 1944 ж. Қайтқан.

20.Күншуаков Қуандық 1915 ж. 1944 ж. Кайтқан.

21.Құрманбаев Қажы 1904 ж. Туған, 1944 ж. Қайтқан.

22.Нұрқанов Мұқатай 1916 ж. Туған, 1944 ж. Қайтқан.

23.Нұрқанов Оралбай 1904 туған ж. 1944 ж. Қайтқан.

24.Рахимжанов Нұркен 1907 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

25.Садуов Далабай 1912 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

26.Садуов Далабай 1914 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

27.Қыстаубаев Тырнақа 1917 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

28.Масабаев Бекқожа 1914 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

29.Мерденов Есім-хабарсыз кеткен.

30.Мерденов Доскен 1917 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

31.Саутбеков Ақан 1901 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

32.Сарсекеев Кейки 1917 ж. Туған,1944 ж. Қайтқан.

33.Шотанов Қабдол 1915 ж. Туған,хабарсыз кеткен.

34.Дантилов Қажымұрат

35.Жалмағанбетов Қалымтай

36.Жакупов Аміржан

37.Қасымов Кешубай

38.Агибаев Есмагұл

Отты  жылдар  елесі

Мен  Камалиева  Асылтас  1927 жылы  дүниеге келдім. Әкем Кәмәли , шешем Рабиға  Обалы ауылының  тұрғындары, картайғанша колхозшы шаруа болып өтті.Ағам  Камалиев Зәңгір 1924 жылы туған,1941 жылы  Ұлы Отан соғысына кетіп, майданнан оралмады.Өзім  1938 жылы ауыл мұғалімі Жақыпбеков Нүркен ағаның  алдынан  Обалы  бастауыш  мектебін  бітіріп  Кіндікқарағай  орта  мектебінің  7  классын  бітіргеннен  кейін, ары қарай  оқуыма  мүмкіндік  болмады.1941 жылы  соғыс басталып кетті де азаматтарды әкете  бастады. 1941 жылы соғыс басталып  кеттіде азаматтарды  майданға әкете  бастады.Енді  колхозда шөп дайындау егін жинау науқанына  толық кірісіп кеттік. 1942 жылы  немістерді  әкеліп , үйді-үйге бөліп  кіргізді.

Бір күні  колхоз басқармасы  Қожақан Конакаев  ағамыз төрт қызды  кеңсеге шақыртты да , Мекіш екеуімізді  ФЗО – ға бармайсыңдар,онда орындарыңа неміс қыздарын  жібереміз деді.Сөйтіп ауылда  қалатын болдық.Ол кезде ФЗО деген атынан ғана қорқатыңбыз,жылап-еңіреп сол  трактористік оқуға баруға келісім бердік. Төрт қыз Найзабекова  Мекіш,Куншуакова Жұбаныш, Рақымжанова Бекжан және мен Обалыдан  Ұрымқай  МТС-на жаяулап- жалпылап   қысқа  мерзімді курсты  бітірдік. Кейін күні түні қыс демей жаз демей жұмыс істедік. Ауылдағы азаматтар түгелдей  соғысқа кеткен,ал жасөспірімдерді қалаға ФЗО-ға әкетті де, елдегі бүкіл  колхоз шаруасы кәрі-құртаң  қарттар мен біз сияқты  жеткіншек қыздар  мен әйелдерге және 11-14 жасар  балаларға қалды.Сол  кездегі трактор егіс  бригадасын құрдық.Бой жеткен қыз болып сылынып-сыйпанғанның орнына  май-май болып,шаң  жұтып, жер жыртып, егін ордық.Ол кездегі техника қазіргідейме , салдырлаған еакі-құсқы  жүргенінен тұрғаны  көп. Сөйтіп 1942 жылдан 1946 жылға дейін тракторда істедім. 1945  жылдан соғыстан аман қаоған жігіттер   елге орала бастады да 1946 жылы біздерді трактордан  босатты.Сол жылы майданнан оралған  Оразалин  Толқынбек деген жігітке тұрмысқа шықтым, 3 қыз 1 ұл тәрбиелеп өсірдік.1972 жылы дүниеден өтті. Қысқаша өмірбаянымды жазып біз көрген бейнетті кейінгі қрпақтарымыз көрмесе  екен ,елімізде  бейбітшілік  болсын.

1950-1951 жылдары Обалы колхозында  мал саны :ірі қара сауын сиыр -816 бас,қой саны-3870 бас,жылқы-435 бас, түйе-64 бас болып өсті.Жер көлемі 2000 га. артық болды.

1953 жылы Үкімет  қаулысымен  ірілендіру науқаны басталып,Обалы-Түлкілі қосылып «1 Май» колхозы  аталды.Сол  жылдары  мал шаруашылығы  өркендеп,техника  саны көбейді.

1954-55 жылдары Қазақстанда тың игеру басталды.Ресей, Украина, Белорусия, Молдовиядан көшіп келушілер көп болды.Үкіметтен  жәрдем  алып ,үй тұрғызып орныға бастады.

Бір-екі  жылдың  ішінде ауылда онбес  шақты тұрғын  үйлер, клуб, автогараж, астық кептіргіш, наубайхана,ұста  дүкендері салынды.

1956-жылы 7 ноябрь  мейрамына қарсы ауылда  бірінші рет электр шамы  жағылды.Ауыл үстінен айқыш-ұйқыш  сымнан өрмек тоқып,үйді-үйге жарық  тартып жүрген  көкшетаулық  жас жігіт,электрик  Бұржықов  Нұркеш еді.Нұркеш  ақсақалға   ауылдастары  әрқашанда   алғыстарын айтады.

1954-57 жылдары ел маңының барлық  тың жерлері  жыртылып, егістік  көлемге тағы да 3 мыңнан артық гектар жер қосылды.

1958 жылы «1 май» колхозын «Прожектор»(Юрьевка) колхозына  қосты.

1961 жылы жанадан құрылған совхоз «Златопольеге» қосты.

1962 жылы Златопольеден бөліп алып 1974 жылға дейін «Юрьев» кеншарының бөлімшесі болды.

1974 жылы сәуір айында сол кезіндегі  Көкшетау  облыстық  партия   комитетіңің  бірінші хатшысы Әуелбеков  Еркін  Нұржанұлының  тікелей қолдауымен «1 май» совхозы  құрылды.Директор болып Досанов  Мұрат деген азамат тағайындалды.«1 май» совхозында құрылыс жұмыстары қолға алынды. Мысалы:көптеген тұрғын  үйлер,жанадан 2 көше бас көтерді,үш қабатты орта  мектеп,интернат,кеңсе,асхана,жатақхана,монша,екі жылу жүйесі,автогараж.Мтм,6 астық,1қурал-сайман қоймасы,машина-трактор  ауласы жанар жағармай қоймасы, мәдениет  үйі,балалар бақшасы,азық-түлік  дүкендері,көшелер  тегіс асфальттанып,су құбырлары  тартылды.Электр  шамдары ілінді  және 1500-2000 ірі қара сиятындай мал қорасы салынды.Осылайша  Обалылықтардың  хал- жағдайлары, тұрмыс  күйлері жақсарды.

1929 жылғы 12 шанырақтан  құрылған «Первомай «совхозы   1990жылдары  285 шаңыраққа жетті,кеңшар бойынша  мал саны, оның ішінде сауын сиыр 1500 басқа,ірі қара 2700 басқа, жылқы саны 170-ке жетті.

1991 жылы ССРО-ның  құлауына  байланысты шаруашылықтың  көбесі сөгіліп,жылдан-жылға құлдырап кері кете бастады.Нарық экономикасы, өзін-өзі қаржыландыру, жекешелендіру сияқты  саясаттар ауыл үшін оң қырымен  көрінбей қайта шаруашылықтың   жағдайын күрт  төмендетіп, елдің тұрмысын  нашарлата түсті.Ауыл көз  алдында тозды. Шаруашылықтың  барлық  малдары құрбан болып кете барды.Осылайша небары екі-үш жылдың  ішінде  мал қоралары қанырап бос қалды,жайлаудың  сәні кетті.

    Ашылған  күннен  бүгінгі күнге дейін ауыл басшыларының  аты-тегі.

1.Қонақаев  Қожақан (1936-1953ж).

2.Мырзабаев  Қапар (1953-1955ж).

3.Москалев  Яков (1955-1958ж).

1958-1962жылдары «Юрьевка»,»Златополье»колхоздарына қосылды.

4.Қонакаев  Зұлқарнай (1962-1974ж)

5.Досанов  Мұрат (1974-1980ж.)

6.Баймаганбетов (1980-1986ж).

7.Кожахметов (1986-1988ж).

8.Сайдалин Ж.(1988-1996ж).

9.Майпышев А.(1996-2005ж).

10.Абдыкалыков Б.(2005-2007ж).

11.Рахимов Е.(2007-2009ж).

12.Оспанов Н.(2009-2013ж).

4.Экономикасы.

2007 жылдан Первомай ауылының  инвесторы  Каз.экспор  Астық холдинг.Негізгі  жұмысы егін шаруашылығы.

Егістік көлемі  барлығы  11510 га.Оның  ішінде бидай-7359га.Сұлы-120га,арпа-990га.,рапс-1530га.

Шаруашылылықта  4 бригада бар олар:Түлкілі аүылы-барлығы221ауыл түрғындары.

                                                                    Новоандреевка  ауылы-барлығы100 адам ауыл түрғындары.

                                             Лесной хутор  ауылы-барлығы 121адам ауыл түрғыны.

                                             Дороговка ауылы.

Лесной хутор ауылында  мал шаруашылығы да жақсы дамыған

Одан басқа ауылда  4 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады.Олар

 ТОО-Жұмабаев Төлеу.

ТОО-Жоломанов Қазыбай.

ТОО-Майпышев Нурлан.

ТОО-Тажибаев Болат.

Осы еңбеккерлер  бидайдан мол астық жинап,ауыл шаруашылығы  өнімдерін  өндіріп ,оны нарыққа шығаратын  кәсіпорын болып табылады.

5.Білім және ғылым

  Первомай  орта мектебі   1977 жылы ашылды.Бірінші  директор-Кабдушев А.К.болды Ол  1977 жылдан-1995 жылға  дейін жұмыс істеді.Окушылар  саны 250-300 балаға дейін барды.Мектепте  елді мекендердең  балалар  интернатта  тұрып оқитың.Мектеп  орыс  тілінде оқытатың.Осы кездері  мектепті  үздік  бітірген  оқушылар:Тайжанова Жанна,Богатырева Нина,Ахметова Айман,Нурмаганбетова Гульнар.

1997 жалдан бастап  2014 жылға  дейін   Сарсекеева Л.З.  мектеп басшылығы  жұмысың  атқарып жүрді. Мектепте  барлығы  20 ұстаз оқушыларға  дәріс  береді.Ұстаздардың  сапалы құрамы-1 жоғары санатты мұғалім,6 мұғалім  бірінші санатты.

Ұлағатты ұстаздар-Курманбаева З.А.

                                    Садырбаева Ж.Б.

                                     Сипульдина К.С.

                                     Токенова  Н.К.

Білім  сапасы-қазіргі заман мектебінің  басты мақсаты.Білім беру  үрдісінде инновациялық жаңашылдықтарды пайдаланып,салалық  оқытуды пайдаланып,педагогтардың  кәсіби шеберлігін әрдайым  арттыру үшін әр түрлі  іс-шаралар өткізіліп жатады.Жыл сайын мұғалім  мамандар ауданның  білім  беру ұйымдарында  аттестациялаудан  өтіп отырады.Мектеп ұжымы аудандық,облыстық  өткізілетің  сайыстарға   белсене қатысады.

2004 жылы Первомай орта мектебі  ұжымы Ақмола облысы бойынша «Лучшая полнокомплектная сельская школа» атағына ие болды.

2008 жылы мектеп директоры Сарсекеева Л.З аудан  бойынша «Үздік басшы» номинациясына ие болды.

2015 жылдан бастап мектеп директоры  жұмысын  Шахметов  Жасұлан  Еслямбекұлы  атқарып отыр. Первомай орта мектебінің  мақтануға түрарлықтай шәкірттер тәлім-тәрбие алған.Қазақстан Республикасының  түкпір-түкпірінде қызмет атқарып,еңбек етіп жүрген түлектеріміз:

   Қабдошов  Марат ҚР  Кеден басқармасында.

  Шуаков Талғат  Қорғаныс  Министрлігінде.

   Қабдошов  Асхат аудандық прокуратурада.

Ақтобе Әуе  Қорғаныс  Күштері  институтын  қызыл дипломмен  бітіріп,Алматы  және Қарағанды қалаларында  мамандығы бойынша қызмет атқарып жүрген  Қайыров Назар мен Шажанбаев Мадиярды ауылымыздың  үлкен-кішісі мақтан түтады.

Ганновер институтың  бітіріп,шетелде  қызмет етіп жүрген  Нұрмаганбетова Гүлнәр-еліміздің мәртебесің  көтеріп жүрген қазақ қызы.

Алғашқы грант иесі Құрманбаева Гүлден  медицина  ғылымының  кандидаты.

Мектепте  оқып жүргенде бірнеше мәртебе аудандық,облыстық пән  олимпиядалары  мен оқушылардың  ғылыми  жобаларының  сайысына қатысып,женіске жеткен Жақыпбеков  Абылай мектепті «Алтың белгімен» аяқтады

Еуразиялық   Гумилев  атындағы  университетті  бітіріп,студенттер арасындағы ғылыми жобалар сайысына қатысып,республика көлемінде екінші орынды иеленіп,елін  қуантты.

Мектеп  өміріне белсене қатысқан ,аудан  мен облыс  шеңберінде  өтетің іс-шараларда  әрдайым женіспен  оралып отыратың  үздік оқушымыз Тналин  Алихан грант иесі болып Қарағанды қаласыңдағы Политехникалық  университетті  бітірді.

Окушыларды  қанаттандырып,олардың жеңіске  жетуіне жол ашқан  мұғалімдер:

  Шахметов Ж.Е.- мектеп директоры, география пәні  мұғалімі

  Конакаева Л.А.- оқу ісінің орынбасары , ағылшын тілі мұғалімі

  Баймаганбетова А.С.- орыс тілі  пәнінің мұғалімі

Илиманова А.Ж.-  физика пәнінің  мұғалімі

  Конакаев С.А.- еңбек пәні  мұғалімі

  Капаров Г.У.- дене шынықтыру  пәні мұғалімі

Жоломанова  А.Х. – тәрбие  ісінің орынбасары ,бастауыш сынып мұғалімі

 Қыдырекешова  Д.М. – қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Жакупбеков  К.А. – биология  пәнінің мұғалімі

Оразова А.М. – математика пәнінің  мұғалімі

«Әрбір  елдің келешегі  мектебіне байланысты» деп  Мағжан  Жұмабаев айтқандай,тәуелсіз еліміздің тарихи-әлеуметтік,мәдени-рухани болмысын  дамытуға,қоғамдық  өмірді қалыптастыруда мектептің  міндеттері зор.

«Менің елім , менің халқым» экспедициясы

Елеманов Ризабек 2002 жылы  шілде айының орта кезінде Астанадан  Қазақстанның орталық және шығыс  аймақтарын, Жетісу  өлкесін,Оңтүстік аймақтарды  Жиделібайсын,Сыр бойын,Ұлытау, Ордабасын,Торғай даласынан өтіп,Атбасар, Зеренділетіп  Көкшеге  келгенін, жолай  туған  Обалыға соғып,әрі қарай қарашаның 5-не дейін Астанаға жету керек екенің,сөйтіп артта 5600 км. жаяу жүріп,келді .Келесі саяхат  сапары 2003 жылы жубайы Айсұлу  Елеманова екеуі шықты.Қазақстанның жарты аймағы оған қоса Ресейдің қазақ тұратын шекаралас аймақтарын жаз бойына жаяу жүріп өтті. Сөйтіп қазақ  қыздарынан тарихта бірінші  болып Айсұлудай рекорстмен – саяхатшы қызымызды қазақ халқынан «Гиннес рекорттері» кітабына кірген .2004 жылы 25 қыркүйек күні «Гиннес  рекортары» кітабың үш дүркіл рекортсмені Қазақстанға аты белгілі және қазақ  қыздарынан алғаш гиннес рекортары кітабына кіруші,ерлі зайыпты Елемановтар вело саяхатшылар болып еліне қайта оралды.Қысқаша бұлардың жол  маршруттары: Павлодар қаласынан 2004 жылы 20 сәуірде шығып,Қазақстанның шығыс облыстары : Павлодар – Қарағанды,Семей- Өскемен, Аягоз- Талдықорған, Оңтүстік аймақтар : Алматы – Тараз,Шымкент – Түркістан, Қызылорда – Жезғазған,Батыс аймақтар : Шалқар – Ақтау, Атырау- Орал,Ақтобе, Солтүстік  аймақ: Қостанай-Петропавл,Көкшетау – Астана  сөйтіп, жоспар бойынша қарашаның 20 күні меже Павлодар қаласына қайта оралу.Сөйтіп барлығы 15 мың 640 шақырым жол жүріп ету болса,кешегі ауылға дейін – 12800 шақырымың жүріп өтіпті.

Первомай  орта мектебінде  1993 жылы  мұражай  ашылған.Негізгі құрушылары:  Л.З.Сарсекеева және оқу ісінің меңгерушісі Л.А.Конакаева.

Мақсаты: Өз елінің, жерінің тарихын білуге және патриоттық тәрбие беруге негізделген.

Мұражайдың  бағыты: Ұлттық  этнографиялық.

Мұражай   9-бөлімнен  тұрады.

1 Ешкімде ешқашан ұмытылмайды.

2 Мектеп тарихы.

3 Біздің қаһармандарымыз.

4 Біздің  мақтанышымыз.

5 Ауыл өмірі.

6 Батыр  аналар.

7 Тарихи  қолданылған  құралдар

8 Ұлттық киімдер

9 Нумизматика.

Жалпы  экспонаттар саны  320.

   Ақындар мен жазушылар.

Қабден  Жүнісұлы  Жамантіков   Обалы ауылында  1937 жылы дүниеге келді.Жастайынан бастап еңбекке араласқан,колхоздағы еңбек өтілі  36 жыл.

1991 жылы селолық  кеңестің  депутаты  болып жүріп,қалалардың ,ауылдық  елді  мекендердің атын өзгерт у мәселесі  көтеріліп  жатқан  кезде  Қабден ата қолына алғаш рет қалам ұстап көкейіндегі  өзінің ой-пікірін  қағаз бетіне түсірген.Сондағы «Өзінен өзі  үріккен» деген  шағын мақаласы «Өқжетпес»газетінің  бетінде  жарық  көрген.

Одан кейін оның  мақалаларын  жұрт «Көкшетау»газетінен  де оқитың  болды.Көп  ұзамай   Самат Саудабайұлы  Рахымберлинбен бірге өзіміздің «Бурабай»газетіміздің бетін  ашысқан еді.  1999 жылы ауылдың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Қ.Ж.Жамантыковтың «Ауылым- алтын бесігім»атты кітабы басылып шықты.Еліміздің тарихи,тұрғындағы  мәселелері,шежіре,халық дәстүрі,ауыл өмірінің әрбір маңызды сәттері  туралы мақалалары осы кісінің қаламынан шыққан.Көптеген  жылдар  бойы Қ.Ж.Жамантіков «Бурабай» газетінің  штаттан  тыс тілшісі болып істеді.

Сапартегі   Аманжол   Аққошқарұлы  1941 жылдың күзінде  Обалы  ауылында  дүниеге келген.1964 жылы  ҚазМу-дің  филология  факультетін  тәмәмдап,сегіз  жылдай  Щучье ауданының мектептерінде  мұғалім болған.1973  жылдан партия,кәсіподақ,совет,әкімшіліктерінде  басшы қызметте  болған.Аманжол ағамыз  зейнеткерлікке  шықса да,қызметтен   қол үзбей,өлен шығару мен  айналысты.

          Арманымен  қызық-ау  мына  өмір...

  Мен туғанда күн екен қара суық,

Қар жауыпты себелеп,боран тұрып.

Ауылдың  арыстары батыс жақта,

Соғыс  жүріп жатыпты  аласұрып.

Төрт ұлдан  кезегімен айырылып,

Қанаты  жүрген кезде қайырылып.

Келіппін  жүректерді  жылытуға,

Алдынан  ата-анамның айы туып.

Үзілмес екен деп іштен  тұнып,

Тілеуімді  тілепті  ауылым болып.

Бір атаның үміті,дәнекері,

Қалмағай  деп өмірден жастай солып.

Тілектер  қабыл болып,кетпей сынып,

Тағдырдың  дауылынан  кетпей ығып.

Өмірдің өркешінде мен  келемің,

Жалғыздың  жалғызынан  қалған сынық.

 *****************

Алдымызда  жайқалған қалып орман,

Дауылдардан  біздерге болған қорған.

Қырқыншы  жылдардың  аязынан,

Мына  біздер сол кезде аман қалған.

Алдымызда жайқалған қалын орман,

Ел намысын қорғаған қалың сордан.

Балалықтың қызығын сырып әрі,

Шаңырағын  бабамның сақтап қалған,

Уақыттан  озып  өскен даналары.

Алдымызда  жайқалған қалың орман,

Әр жүректе толқыған мөлдір арман.

Селдіреп-ақ  қалыпсың,ағатайлар.

Сәлем  берем иіліп,елге барсам.

Бір қалыпта тұрмады мына заман,

Сыныптайын  жылжиды өмір жалған.

«Ақсақал»,»отағасы» деген атты,

Кетіп бара жатқандай сыйлап маған.

Қарай бердің, танымайсын,қарағым,

Ұзақ жылдар сыртта жүрген ағаңмын.

Мына ауыл тербетілген ақ бесік,

Бір кездегі меніңдағы тұрағым.

    Мен де өзіндей туған жердің алабын,

   Жалан аяқ жүріп өскен баламын.

   Қараүңгірдің  биігіне шығып ап,

   Білмеуш і едік одан биік тау барын.

Мен де сендей  жалаң аяқ,жалаң бас,

Мейірім  менен махаббатқа  болып мас.

Ата-ана құшағында гүл аттым,

Туған жердің бесігінде болып жас.

    Мен де тергем Қараөзектің  жидегің,

    Көрші қызға сыйлап нәзік гүлдерін.

    Бәрі де есте, көз алдымда елестер,

    Кешір інім,сағым  қуған күйдемін.

Бабам қонған  Қараүңгірдей  киелім,

Сыбдырлаған  бұлағымды сүйемін.

Бурыл сақал,ақ самайлы басымды,

Туған жердің топырағына  иемін.                                         Сапаров А.А.

Ауылдың дарынды тұрғындары:

 Қонақаев Қожақан

1892 жылы туған,ұлты қазақ.1923-1954 жыл аралығында  әр түрлі  басқарушылық  қызметтерін атқарған: алғашында «Қосшы» кедей  ұйымының председателі, кейіннен  селолық советтің председателі  болған.1939 жылдан 1954 жылға дейін «Обалы» колхозының  председателі қызметін  атқарған.1937 жылы қой фермасы ұйымдастыры-лып,ашылды. 1939 жылы түйе, қара мал және  жылқы сатып алып,колхоздың  шаруашылығын  нығайтумен, колхозшылардың  өмірін жақсартумен  айналысқан.Қонақаев  Қожақанның  басқаруымен  1953 жылы  колхозда  барлығы 3000 га егіндік жер, 816 бас ірі қара мал,3878 бас қой,433 жылқы,64 түйе болды.1943 жылы ұжымшар  ет  дайындау бойынша  жоспарды уақытынан  бұрын орындап шықты. «Обалы» ұжымшары  мен оның  төрағасы  Қонақаев  Қожақанның аты ауданға әйгілі болып,мал шаруашылығындағы  жетістіктері  үшін  және егін шаруашылығында  мол өнім  алғаны  үшін Солтүстік   Қазақстан облыстық атқару  комитетінің   Құрмет  грамотасымен   марапат-талды. «Ауыл шаруашылығының үздігі» белгісінің  иегері. 1952 жылы Москвада өткен бүкілодақтық Кеңеске  қатысқан және Қазақстан Компартиясының  6 съезінің делегаты болған.

  Оразалин Толқынбек Тлеубайұлы         (1924-1972)

Оразалин Толқынбек Тлеубайұлы 1924 жылы Обалы ауылында  дүниеге келген. 1943 жылы әскерге  аттанып,1946 жылы  аман-есен  елге оралады.1950-1952 жылдары елде мұғалімдік жұмыс  жасайды.Ал 1952 жылы  Петропавлға  оқуға  кетіп,1954 жылы оқуын аяқтап  бітіреді.Осы жылдары  Рузаевка селосында екі жылдай мұғалімдік қызмет жасайды.1956-1957 жылдары Жаңажолда  жұмыс жасап,1958 жылы елге оралады. 1972 жылы орыс тілі мен орыс  әдебиеті пәнінен мұғалім болып жұмыс жасайды.Жанүялы болып, отбасында  үш қыз,бір ұл тәрбиеледі.1972 жылы 19 мамыр күні дүниеден озды.

  Жақыпбеков Нүркен.            (1909-1943).

Жақыпбеков  Нүркен 1909 жылы  Қара –Үңгір ауылында  туып  өскен.Жастайынан  пысық,білімге құштар бала ауыл молдасының  алдынан арабша оқып,тіл үйренген,артынан  мұғалімдер дайындайтын курсқа түсіп, оны 1929 жылы бітіріп шықты.

1929 жылы Қара-Үңгірден  көшіп келіп  Обалыда алғашқы  Мойынсерік  құрушы 12 шаңырақтың ішінде Нүркеңнің  әкесі  Жақыпбек  ақсақал балаларын оқытуды жөн көрген.Сөйтіп  Нүркен аға өз талабымен  түскен  Көкшетауда  мұғалімдік  оқуын бітірді.

1930 жылы Олжай  ауыл  советінің шешімі  бойынша Обалыда бастауыш мектеп салынды.Мектеп үйі  1-ші қыркүйекте дайын болып,Обалы,Ақсай,Түлкілі  ауылдарынан  оқушы балалар қабылданды.Жас жігіт Жақыпбеков  Нүркен алғашқы ауыл мұғалімі  болып келді.Содан кейін 1941 жылға  дейін мұғалім болып қызмет атқарды. «Қарағанды қазақ көгіне,өрмелеп шығып күн болам» деп ақын С.Торайғыров айтқандай Нүркен аға енді балалармен қосып үлкендерді «Ликбез» (сауатсыздықты жою) бағдарламасы  үкіметтің қолға алған кезі болатын.

Нүркен  ағаның алдынан сабақ алған  үлкендер латын өрлімен орыс әрпін қоса жазып үйренді.Қалай  болса да бұрынғы сауатсыз  ауыл адамдары оқу-жазуды меңгерді.Жақыпбеков Нүркен  қатардағы жауынгер.1909 жылы Обалыда туған,қазақ  қызметкер.1941 жылы шілдеде әскерге алынып,соғысқа қатысты.1943 жылы майданда қаза тапты.

     Жоламанов   Қайырдос Аққожаұлы (1932-1975ж.)

Жоламанов  Қайырдос  Аққожаұлы  Обалы ауылында 1932 жылы 10 мамырда дүниеге келеді.Оның әкесі Аккожа  деген,ол кісінің екі ұлы болыпты.Шешесінің есімі-Рақима.Ең  үлкені Ермұханбет,екінші  ұлы-Қайырдос болған.Балалық  шағы 1932-33 жылдарғы ашаршылық кезенімен  доп келеді.Жастайыннан  ерте есейіп,колхоздандыру  кезеңінде өгіз айдап жер жырту жұмысында аянбай еңбек  етті.Обалыда   сегіз  жылдық мектебін бітіріп,1954 жылы Көкшетау қаласындағы  кітапханашыларды  дайындайтын  техникумды бітіреді.Өзінің  туған ауылында  кітапханашы  болып  істейді.1958 жылдан бастап ұстаздық жолын бастайды.1960 жыл Петропавл каласындағы  1966 жылға  дейін пед.институтта оқып,биология пәннің  мұғалімі мамандығын алды.1967-1969 жылдары Исаковка орта мектебінің  директоры болып қызмет  істеді.Бірнеше грамоталармен  марапаталған,өкінішке  орай осы күнге дейін сақталмаған.Осы өмірінің соңына дейін мұғалім  болып бала оқытумен айналысты.1974 жылы қыркүйек айында қатты сырқаттанып,1975 жылы 18 шілде де дүниеден өтті.Жеті  баласымен әйелі Жоламанова Батима  35 жасында қалды.Қандай қиындықты басынан  кешірсе де,жұбайы Батима  «Ұлын ұяға,қызын қияға»қондырған бақытты  отбасының  анасы.Ұлдары мен қыздары  Егеменді еліміздің әр саласында  еңбек  етіп,болашағымыздың   гүлденуіне   ат салысуда.

    Ұлы Отан соғысының батырлары:                 

   Жұманов Әмір.   

Соғыс  ардагері Әмір ақсақал 1917 жылы  Мамай ауылында дүниеге келіп,Обалыда өсіп,ер жеткен.

1939 жылы 20 қарашада Щучье қалалық әскери  комиссариатымен  әскери қызметіне шақырылды.1939 жылы белофин  соғысына қатысты.Белофин  соғысынан  кейін  Отан соғысының алдында Рыбачье,Ленинград,Луга,Кемь қалаларында  қызмет етті.

03.1940-08.1941ж.-№81 таулы-атқыштар полкі (минометчик)

08.1941-04.1945ж-№3 гвардиялық  атқыштар полкі (атқыш)

04.1945-05.1946ж.-№282 атқыштар полкі (минометчик)

Әмір солдат 1946 жылы елге оралып малшы,жылқышы болып жұмыс істеді.

1947 жылы Салима апай екеуі тұрмыс құрып.9 ұл-қыздар тәрбиелеп,өсірді.

           Мажиков Ахметбек Кожахметович.

1920 жылы 30 желтоқсанда Қызылжар  қаласында туған.Соғыстың  бірінші  күнінен соңғы күніне дейін 65 темір жол батальоны құрамында  Отанды жаудан қорғады.Соғысты  Кенисберг қаласында  аяқтады.Жеңіске қосқан үлесі  үшін бірнеше рет наградталған.

           Хабибуллин  Есмағамбет Хабибулинович.

1925 жылы «Обалы»аулында  дүниеге келген.1944  жылы әскер  қатарына шақырылды.Оренбург қаласындағы  командирлер  дайындайтын  училищеге жолдама  берілді.6 айлық  оқуды аяқтағаннан  кейін,соғысқа аттанды. Пулемет  ротасында  командир болды.Қолынан  ауыр жараланады.Соғысты 1945 жылы Дрезден қаласында аяқтайды.Соғыстан сон 2 жылдай тағы да әскер қызметінде қалады.1947 жылы елге оралды. «Обалы»колхозының  председателінің орынбасары  болып қызмет атқарады.1952 жылы дүниеден  өтті.

                           Рахимжанов Қамза.

1909 жылы туған,ұлтты  қазақ.Ұлы  Отан соғысы  басталысымен 1941 жылы  соғысқа шақырылып, майданға аттанған.Украина  даласындағы  майданда  Отан үшін қан майданда фашистерге  қарсы күрескен.1943 жылы Украинаның  Житомир қаласының  жанында болған  ұрыста  өқ ұшырап,госпитальға  түскен.1943  жылдың  күзінде мүгедек  болып елге оралған.Бірақ мүгедектігіне  қарамай  тылда еңбек етіп,Отан қорғауға өз үлесін қосқан.Совхозда  слесарь-механик  болып жұмыс істеген,бригадада  шалғы қайрап,саймандарды  жөндеп,егін,шөп орып,машиналарды жөндеп,іске қосатың.Совхоздың  гүлденуі   үшін өз еңбегін  аямай еңбек еткен адам.1981 жылы  72 жасында дүниеден өтті.

                      Жамантік ұлы  Жүніс.

1909 жылы  Қараүңгірде  Адықбай ауылында дүниеге келген.Әке-шешесі  ерте қайтып,7 жасынан жамағайыны  Елтоқұлы  Қапбастың   қолында өсті.Жетімдіктің  тауқыметің  ерте көрген  Жүніс ата көрші  Түкті (Дороговка) орыс  селосында  байдың  жалшылығында болды.1929  жылы әскер қатарына шақырылып,Молдавия   жерінде  шекарашы болып,әскери  борышынан  өтеді.Әскер қатарынан  босаған  соң  1934 жылы жаңадан құрылған «Обалы» колхозына колхозшы болып кіріп,шаңырақ  көтеріп,үй салды.1941 жылдан 1944жылға дейін  соғысқа қатысып,Украина жеріңде  ауыр жараланып,мүгедек  болып,елге оралды.1952  жылдан ферма  меңгерушісі болып істеді.Соғыста  алған  жарақаттың зардабынаң,1962 жылы 54 жасында   дүниеден  өтті.

                     Илиманов  Есләмбек.

1909 жылы Обалы ауылында дүниеге келді.1941 жылы майданға  шақырылып,1943 жылы балдақпен  елге оралды.Колхозда еңбек ете жүріп,денсаулығына   байланысты  колхоздың дүкеніне  ауысты.1961 жылы дүниеден өтті.

       Найзабеков Қаби

Жапон  самурайлармен  соғысты. Жапонияны  жеңгені  үшін «Ұлы Отан жеңісіне -20жыл» медальдармен  наградталды.

             Ибраев Бикеш.

1916 жылы туған.Екінші  Украина  майданына  қатысты. «Фашистік Германияны жеңгені үшін»медальмен  наградталды.Майданды  Австрия  қаласында аяқтады.

            Нурқанов  Оралбай.

1941 жылы әскер  қатарына шақырылып,Сталинград  түбінде  ерлікпен қаза тапты.1942 жылы отбасына  соңғы хатын жолдады.

03.1940-08.1941ж.-81 таулы-атқыштар полкі (минометчик)

Жаңартылған күні: 05.08.2016 15:09
Құрылған күні: 09.04.2019 18:22

Текст