Текст
Балалық шағын,
Патшаның тағы
Оқу жылының ең күрделі де, ұзақ тоқсанын артқа тастап, көктемгі каникул кезі де келіп жеткен кезде Солтүстік Қазақстан Петропавл қаласына қыдырып бару сәті түсті. Мектебіміздің 15 оқушысы керемет ғажайыптың куәсі бола білді. Ұзақ жолды ұмыттырған Петропавл қаласындағы «Ботаникалық бақша», «Тарихи өлкетану мұражайы», «Нептун » атындағы аквапаркі оқушылардың есінде ұзақ сақталатынына сенімдімін. Балалардың су құшағындағы сәттерін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.
Қуаныштары қойнына сыймай, елге оралған балалар мәз. Осындай ғажайыбы көп елдің,бақытты балалары бақытты болсын деп тілейік.
Первомай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ахметова Кымбат Базаровна