Первомай орта мектебіндекөктемгі каникул кезінде «Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг барысында мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдар ұсынылды. Топтық жұмыс барысында әр топ өз жаңалығымен пікір алмасты, шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға үйренді. Коучингке қатысушылар оқыту мен оқуда АКТ тиімді қолдану арқылы оқу үдерісін түрлендіріп, қалай білім сапасын жетілдіруге болатыны туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Fishbone стратегиясы арқылы қиындықты және проблеманы шешу жолдарына тоқталды. Кері байланыс кезеңінде жекелеген пәндерді оқытуда жаңа педтехнологияларды қолдану мұғалімнің қарқынды дамуына және білім сапасын арттыруға септігін тигізеді деген қорытындыға келді.