«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бурабай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен жас бүлдіршіндер арасында жыл сайын ұйымдастырылып отырған «Мен елімнің патриотымын» атты мәнерлеп оқу байқауы биылда өз жалғасын тапты. Байқау №9 мектеп-гимназиясында өтті.
Байқауға мектепалды даярлық сынып балалары бақтарын сынады. Байқауда барлығы 14 бала сынға түсті. Басты мақсат – мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға, өз-өзіне деген сенімдерін қалыптастыруға, патриоттық сезімдерін оятуға, әртістік қабілеті бар талантты балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.
Бүлдіршіндердің өнерін саралайтын әділ қазылар алқасы өз бағаларын беріп, сайыскерлерге сахнада өзін - өзін ұстауы, дауыс ырғағы, әртістік шеберлігі, киім үлгісі сынды талаптарын бағалады. Барлық қатысушылар шабыттандыру мадақтамасымен және сыйлықтарымен марапатталды. Первомай орта мектебінің мектепалды даярлық сынып оқушысы Ешмұхамет Аяулым М.Мақатаевтың «Қазақ жері» өленін орындап, өз өнерін ортаға салып, ІІІ жүлделі орынға ие болды. Осы байқауға ат салысқан Аяулымның ата-анасына алғысымды айта отырып, кішкентай бүлдіршінімізді тек биік жетістіктерден көрінуіне шын жүректен тілектеспін.