Первомай орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында «Білім байқауы» атты іс-шара өткізілді. Мектеп директоры Шахметов Жасұлан Еслямбекұлының оқушылармен ата-аналарды, ұзтаздарды жылда өткізілетін мерекелерімен құттықтаудан басталды. 1-4 сыныптармен бірге даярлық тобының балалары да қатысты. Әр сынып осы оқу жылында алған білімдерін қызықты тапсырмалар мен ойындарға әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білімдерін қортындылады. 4 сынып оқушылары «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу салтанатты кешін өткізді. Оқушылар ұстаздарға, ата-аналарына арнап ән айтып, би билеп, көрністер қойып өз өнерлерін көрсетті. Ата-аналар, ұстаздар оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін айтты. Әр сыныптың сынып жетекшілері осы оқу жылында жақсы атқарған жұмыстары үшін ата-аналары мен оқушыларға мадақтама қағаздары мен алғыс хаттар табыс етілді.