Текст
Первомай орта мектебінде 2019 жылдың 2-ші қыркүйек күні барлық сыныптарда «Адалдық сағаттары» өткізілді.
«Адалдық сағатының» негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында ұстаздар оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, дөңгелек үстелдер мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оқушылар өнегелі өлең-жырлар оқып, сыныптастарын адал тұлға болуғашақырып, елдің адал ұрпағы боламыз деп серт берді.