Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, деп Ғафу Қайырбеков жырлағандай, батыр да батыл, ұрпақ тәрбиелер ұстаздарымыздың төл мерекесі қазан айыныңалғашқы демалысында аталып өтті. «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет!» десе де, осы ұлы қызмет иегерлеріне құрметтен басқа керегі бар ма!
Жыл он екі айда бір келер мерекелерін атап, бір марқаяды. Біздің ұстаздар да мерелік дәстүр бойынша « Өзін – өзі басқару күнін » ұйымдастырып, бір күн оқушы мұғалімге, мұғалімді оқушы орнына қойып, өздерінің қызықтарын айтып жеткізе алар емес. Мектеп оқушылары дайындаған керемет мерекелік концерт қойылып, арты мерекелік концертке ұласты. « Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек» демекші, бұл жолғы қойылымның бәрі, бұрыңғыдан өзгерек, күштірек болды. Айта кетерлігі, зейнеткер ұстаздарымызға шақыру қағазы беріліп, мерекеміздің силы қонақтарының алғысына ие болдық.........