Қарттар күні – мейірім мен шуаққа толы айтулы күн. Бұл күні біз қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз..
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Осы салтымызды сақтап келе жатқан ұл - қыздары, яғни Первомай орта мектебінің оқушылары мен ұжымы ұйымдастырылған «Қарттар айлығында» жүргізген іс-шараларының, атқарылып жатқан игі жұмыстары болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Қарияларымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл - кеңестері, тәлім - тағылымдары біз үшін орны бөлек дүние. Себебі, әрқайсысының ауылымыздың, еліміздің өсіп - өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен.
Осы айлық барысында мектебіміздің басшысы Шахметов Жасұлан Еслямбекұлының бастамасымен мектеп ұжымы мен оқушылары ауыл қарттарынан көмектерін аянбады. «Тимурлық көмек» көрсетіліп, «Қарттарым- асыл қазынам»атты көгілдір от мерекесі ұйымдастырылып, қарттарымыз бір марқайып қалды. Аталмыш мерекені қаржылай көмек көрсеткен ауылымыздың азаматтары Жоламанов Аскер, Майпышев Нұрлан және Оспанов Нұрбол ағаларымызға алғысымызды білдіргіміз келеді. Еліміз тыныш, қарттарымыз аман болсын!