«Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі
табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін
және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі деп, Сара Алпысқызы айтқандай,
өзін-өзі тану сабағы оқушыларды адамгерлшілікке, сүйіспеншілікке, адалдық пен
қайырымдылыққа тәрбиелей отырып, оқушы қиялын ұштайтын, өз ойын еркін,іркілмей
жеткізе алуға жетелейтін жақсы бағыт десе де болады. Бастауыш сыныптарда сабақ
басынды немесе соңында өткізетін «тыныштық сәті», баяу орындалатын әуен,
құлаққа жағымды жұмсақ үн ұнаса,орта буынды сыныптарда оқушылардан алатын
сауалнамалар немес тесттерге жауап бергенді ұнатады. Мысалы: «Сенің джиннан
намесе алтын балықтан сұрар үш тілегің, сен ата-анаң секілді үлкен болғанда ең
бірінші не істер едің, қолыңда көп ақшаң болса алдымен қайда жұмсар едің?»
деген сұрақтар бала қиялын одан да шарықтатып, аппақ адал жүректеріндегі
ойларын,тілектерін жеткізеді.Алдыға жетелейді.Арман әлеміне самғатып, тезірек
өссем екен деп қиялдарын қанаттандырады. Міне өзін-өзі тану сабағын неге
балалар асыға күтеді, себебі олар түрлі-түсті бояулармен салатын қиялындағы
әсем суреттерді салуға, өз ойларын жеткізуге, шаттана салатын әсем әнді айтуға асығады.
Бірігіп отырып топтық жұмыстар жасайды. Міне өзін-өзі тану курсының берер
пайдасы зор екенін барлық оқушы да мұғалім де, білім берер ордаларын мойындатып
отырғаны хақ. Ия, осындай мүмкіндікке қол жеткізіп отырған, өзін-өзі тану
идеясын ұсынған Сара Алпысқызына айтар алғысымыз шексіз......