Ұлттық рухты көтерудің маңызы зор. Біздің мақсатымыз бүгінгі қоғамды ұлттық болмысымыздан алыстатпай, құқықтық сауаттылықты, тәрбиені, сананы жетілдіру. Осының негізінде Елбасының бағдарламасы Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар өскелең ұрпаққа пайдасы зор,келешегі айқын. Ұлттық бітімімізге тән құндылықтарымызды оқушы бойына сіңдіре білсек,онда құқықтық мәдениетті, Елбасы ерекше атап өткен ұлттық прагматизмді қалыптастыра аламыз. Осы бағытта жүргізіліп жатқан шаралардан шалғайда жатқан Первомай елді мекені Первомай орта мектебі «Ұлы дала елі» атты семинар өткізді.
Кең ауқымда алынған іс-шара куәгерлері аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, ауыл әкімі, ауыл тұрғындары, Бурабай газеті тілшісі, ұлағатты ұстаздар қауымы,ел ішіндегі ерен еңбегімен қызмет еткен ауыл үлкендері болды. «Мәңгілік ел-рухани жаңғыру» төңірегінде баяндамалар тыңдалып, Мектеп тынысы атпен жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыс бағдарламасы көрсетілді. Жоба авторы әрі жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Илиманова А.Ж. Ғылыми жұмыстың тақырыбы «Туған жер-тұнған шежіре». Мақсаты ауыл адамдарының жүріп өткен жолдарын келешек ұрпаққа жеткізу,қастерлеу. Дикторлық темпта сөйлей білген жас журналистер Ж.Каирдосов және Т.Кабдуллина өте жоғары деңгейде таныстыра отырып, сұхбат жүргізе білді. Ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында « Тұсау кесер» көрсетіліп, көрермен қауымды бір серпілтіп тастады. Сахна саңлағына айнала білген бастауыш сынып оқушылары өнерімен көрермен көзайымы болды.
Осы бағыт желісінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі Кыдырекешова Д.М. «Ұлт рухының асқақтауы» атты сынып сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсатыұлттық болмысты дәріптеу.Жоғары сыныптың жас ерекшелігіне сай алынған тақырыпты «Талмас», « Талап» атты топқа бөліп, тапсырмалар тізбегі арқылы оқушы пікірі көбірек тыңдалды. Мектеп қабырғасынан санаулы айлардан кейін білім нәрімен қаруланып, қанаттары қатайған оқушыларды «ақкөгершін» құсына теңей отырып, таудай талап, талмас қанат тілеген ұстаз сабағы өз деңгейінде өтті.
Сабақтың жалғасы тарихшы тізгінінде болып, Резолюция «Бұл палата ҚР-сы жастарының патриоттық сезімін нығайтудың тиімді механизмін ұсына алады»тақырыбында дебат жүргізілді. Пән мұғалімі Каирбаева А.Т. Дебат кезі керемет қарқында өтіп, спикерлер тұшымды сөзбен ұтымды жауапты ой елегінен өткізіп, саналы ұрпақ салиқалы ой тастады. Дүбірлі той іспеттес өткен бұл дүниелер кезеңінде көрші мектеп оқушылар арасында волейбол ойыны ұйымдастырылып, марапатталды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Г.У. Капаровтың еңбегі зор. Осындай іс-шара өтіліп,келешек ұрпақтың бәсекеге қабілетті,ұлтымызға тән нәрселерді жалпы зияткерлік пен әлемдік деңгейдегі білім негізі қаланып, игі қадам жасай білдік.
Первомай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Кыдырекешова Д.М.