Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір - бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,-дей отыра үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата - бабадан келе жатқан салтымыз. Осы салтымызды сақтап келе жатқан ұл - қыздары, яғни Первомай орта мектебінің
оқушылары мен ұжымы ұйымдастырылған «Қарттар айлығында» жүргізген іс-шараларының, атқарылып жатқан игі жұмыстары болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Қарияларымыздың өмірлік
тәжірибелері мен ақыл - кеңестері, тәлім - тағылымдары біз үшін орны бөлек дүние. Себебі, әрқайсысының ауылымыздың, еліміздің өсіп - өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен.
Осы айлық барысында мектебіміздің басшысы Шахметов Жасұлан Еслямбекұлының бастамасымен
мектеп ұжымы мен орта буын және жоғарғы сынып оқушылары ауыл қарттарынан көмектерін аянбады.
«Тимурлық көмек» көрсетіліп, «Қарттарым - асыл қазынам» атты көгілдір от мерекесі
ұйымдастырылып, қарттарымыз бір марқайып қалды. Аталмыш мерекені қаржылай
көмек көрсеткен ауылымыздың азаматтары Жоламанов Аскер, Майпышев Нұрлан және
Оспанов Нұрбол ағаларымызға алғысымызды білдіргіміз келеді.
Еліміз тыныш, қарттарымыз аман болсын!