Күздің кереметтілігі
Ағымдағы айдың соңғы күндері Первомай орта мектебінде «Алтын күз» мерекесі аталып
өтті. Мерекенің басты кейіпкерлері бастауыш сынып оқушылары болды. Бастауыш сынып мұғалімі Бекбулатова Ш.Ж. мерекені өте жоғары деңгейде ұйымдастырған. Әр сынып топ болып, көрерменнің көзайымына
айнала білді. Молшылық иесі күздің жомарттығы дастархан басы тәтті тағамдардан-ақ көрініп тұрды. Қолөнер
шеберлерінің де өз саусақтарымен жасалған дүние көздің жауын алып ,шынайы нәрселерді көрдік.
Шіркін-ай... деп тамсанғаннан басқа еш нәрсе дей алмадық. Сахнаға әуелетіп әнмен бірге кірген «Күз ханшайымы» мен оның досы «Жапырақ» және 5-сынып жүргізушілері нақышына келтіре айтып мерекені көңілді ете түсті. Ән,би,сән үлгісімен өз өнерлерін паш еткен бүлдіршіндер бір- бірінен қалыспай сахна саңылағына айнала білді. Сайыс бар жерде, жеңіс бар демекші әділқазылар құрамы 11-сынып оқушыларынан сайланып,әділ бағаларын бере отырып, І орынды мектепалды даярлық тобы «Күз арулары» жеңімпаз танылса, ІІ орын «Бау-бақша», «Жүзім» топтары 1 және 3 сынып оқушылары иеленсе, ІІІ орынды «Күнбағыс» тобы иеленіп, марапатталды. Музыка пәнінің мұғалімі Жақия А.Б мен тәлімгер Ахметова Қ.Б үлкен жауапкершілікті ойдағыдай алып шықты. Сайыс соңында ата-аналар комитетінің төрайымы Курманбаева Н. сөз алып бүлдіршіндерге ықыласын білдірді. Ата-ана әрі әріптес ретінде бастауыш сынып мұғалімдеріне қыстай қаталдық, күздей жомарттық, көктемдей көңіл, жаздай жайдары өмірлеріңіз тек қызыққа толы болсын демекпін.
Первомай орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі Кыдырекешова Д.М