Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру»
Қазіргі қоғамда ерекше талқылауға ие болып жатқан түсініктердің бірі-«Рухани жаңғыру». Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты.
Н.Ә Назарбаев жыл басындағы халыққа жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады.Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі
– саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алуымыз керек. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.
Первомай орта мектебінінде 2017-2018 оқу жылы басталысымен мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен мектепішілік бірнеше жұмыс түрлері ұйымдастырылып өз жалғасын
тапты.
1 –қыркүйек «Білім күніне» арналған салтанатты жиын жоспарға сай уақытылы ұйымдастырылып, жиыннан кейінгі «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаты өтті. Салтанатты жиынға және сынып сағатына қатысқан қонақтарымызда өз ризашылығын білдірді.
«Мектепке барар жол» акциясы карсаңында Златополье селололық округтің әкімі Сипульдин Сакен Сабыржанович және жеке кәсіпкер Досанов Нурлан Муратовичтің бастамасымен мектебімізге 1 сынып, көп балалы отбасы және даярлық топ оқушыларына демеушілік көмек көрсетіліп 18 мектеп сөмкесі
сонымен қатар спорттық құрал жабдықтар табысталды. Үлкендерден бата алып , тілектерин тілеп тарқасты.
9 қыркүйекте «Денсаулық –зор байлық» атты денсаулық күніне арналған. Спорттық жарыстар ұйымдастырылып, оған 1-11 сыныптар мұғалімдер, ата-аналар белсенді қатысты. Мерекелік жарыстарда түрлі ойын түрлерінен жүлделі орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
13-22 қыркүйек аралығында жоспар құрылып «Тілдер апталығы» өткізілді . Апталыққа 1-11 сынып оқушылары түгелдей қатысып, жоғары белсенділік танытты. Тілдер апталығына орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиынға 0-11 сыныптар қатысты, барлығы 86 оқушы.
Осы тақырыпта қазақ тілінде және орыс тілінде «Язык-душа народа » атты шығармалар байқауы өтті. Первомай орта мектебінің кітапханасында тіл апталығынабайланысты «Қазақстан болашағы қазақ тілінде» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылып, осы тақырыпта шолу жүргізіліп және 6 сынып оқушыларымен мақал-мәтелдер сайысы
өткізілді. Мақсаты : оқушылардың білімдерін жетілдіру, сөздік қорын молайту. Оқушылар өз білімдерін
ортаға салып, жақсы әсер алды. 1-4 сыныптарға арналған «Тіл білгіштері» атты сайыс ұйымдастырылды
(жауапты бастауыш сынып мұғалімі Бекбулатова Ш.Ж.), қатысқан оқушылар саны- 26 .
5 сыныпта ағылшын пәнінен «Let, s spek Engjsh» тақырыбында ашық сабақ өткізілді (жауапты
Жусупова Г.М., қатысқан оқушылар саны -10) 9 сынып оқушысы Аманжолова Данара «Язык-душа народа»
тақырыбында аудандық шығармалар сайысына қатысты (жетекшісі орыс тілі пәні
мұғалімі Исжанова К.Б.).
Мектеп кітапханасында «Тіл-әр халықтын байлығы» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды ,
жауапты кітапханашы Кабдуллина А.Д. 22 қыркүйекте жоғарғы сыныптарға арналған «Қазақстан–көп ұлтты мемлекет» атты әдеби -музыкалық кеш ұйымдастырылды, жауапты қазақ тілі пәні
мұғалімі Кыдырыкешева Д.М. Барлық іс-шараларға оқушыларбелсенді қатысты. Әр ұлттардың өнерлерін, тағамдарын, салт-дәстүрін көрсете білді. «Тілді білсең - мендей біл» атты сыр-сұхбат бағдарламасы жүргізілді.
« Тіл -қазына», « Тіл тұтастығы-ел тұтастығы», қазақ тілі пәні мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, ағылшын тілі және орыс тілі пәндерінің мұғалімдері де дөнгелек үстел мен дебат сабақтар ұйымдастырды. «Тілдер апталығының» соңында жүлделі орынға ие болған оқушылылар қатары мадақтау қағаздарымен марапатталды.
«Тазалық денсаулық кепілі» атты сенбілік ұйымдастырылып 1-11 сынып оқушылары түгелдей қатысты. Осындай іс-шаралар айына бірнеше мәрте ұйымдастырылады. Қарттар айлығына байланысты орта буын және жоғарғы сынып оқушылары ауылымыздың көмекке мұқтаж қарттарымызға барып қолдан келетін көмектерін көрсетті.