Текст
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.
1 маусым елімізде, мектебімізде халықаралық балаларды қорғау күні аталып
өтілуде. Аталмыш мереке жылдан жылға жалғасын тауып, балалардың көңілінен шығарлықтай
мерекелік концерт, би, ойындар ұйымдастырылып, соңы тәттілерді таратумен ұласады және
«Айгөлек» сауықтыру алаңы ары қарай жұмысын жалғастырады. Сауықтыру алаңында
бір айлық жоспар құрылып, сол жоспар арқылы жұмыстар жасалады.