"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Обалы ауылының негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Обалы отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26.05.2017

Оразова Айнур Маратовна-  «Үздік педагог-2017» конкурсында «Шығармашыл мұғалім» номинациясына ие болған, өз мамандығын жетік меңгерген тәжірибелі ұстаз.  «АКТ-ны қолдану арқылы  оқушылардың ойлау қабілетін дамыту» нысанасын мақсат ете отырып,  ақпараттық- коммуникативтік  технологияны  және «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасын сабақтарында  пайдаланады. Сабақтарында математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған тапсырмаларды орындату арқылы  олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытумен жұмыс жүргізеді.  Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушының жеке ерекшеліктерін ескее отырып,  қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивтерін қалыптастыратын өздік, зерттеу және жобалық жұмыстарды сабақтарында жиі қолданады. Оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруды, жаңа амал-тәсілдерді «ашуды», практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындауды көздейді. Баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын материалдарды сабақтарында ұтымды пайдаланады. Әр сабағын шығармашылықпен өткізіп, оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастырумен айналысады.

    Оқушылары өз білімдерін білім байқауларында және ЖОО-да, колледждерде  оқығанда  дәлелдейді, ғылыми жұмыспен айналысады. Ауданда, мектепте өткізілетін конкурстарға қатысып, өз іс-тәжірибесімен пікір алмасып отырады. ҮІ, ҮІІ Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық жәрмеңкесіне қатысып, сертификатқа ие болды.

 

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст