Есімің әлі талай аталар
Ұмытпайтын бала-шаға, досың бар,
Артыңызда ізіңді басқан ұрпақтар
Ұмытпай мәңгі сізді есіңе алар
Өткен жұмада Первомай орта мектебінде ел өміріне қосқан елеулі үлесі ел есінен
кетпейтін Қожақан Қонақаевқа арнап орнатылып жатқан тақта ашу рәсімі болып өтті.
Қожақан Қонақаевтың қиын қыстау күндерде елді көтеруге сіңірген өнегелі
еңбегінің ауыл өмірінде алар орны ерекше. Өткен ғасырдың басында Обалы ауылының
төңірегінде қазіргі обалылықтардың ата-бабаларының шағын қаныстары орналасқан.
1929 жылдан бастап колхаздар ұйымдастырыла бастады. Қоныстарда құрылған
артельдер бір ұжымдық шаруашылыққа біріктірілді. Осылайша «Обалы» колхозы пайда
болды. Колхозды ұйымдастыру үрдісі ұзаққа созылды, адамдар өздерінің қоныстарынан
жаңа орындарға көшірілді. Колхоздың төрағасы болып Қ.Қонақаев сайланды. Оның
1926 жылдан бастап «Қосшы» одағының төрағасы болып жұмыс істеген уақыты ішінде
көрсеткен ұйымдастырушылық қабілеті, белсенді өмірлік ұстанымы елеусіз қалған
жоқ.
Мемориалдық тақтаның ашу салтанатына қоғам қайраткері, Обалы ауылының
тумасы Сапаров Аманжол Аққошқарұлы, Бурабай ауданының білім бөлімінің
әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қосыбаева Асия Таупықовна, Бурабай
ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Малгелді Қайыржанұлы Жұмағұлов, ұлағатты
ұстаз, еңбек ардагері Бағила Батыргалиевна Касенова, атамыздың немересі
Раиса Зулкарнаевна Конакаева Қожақан Қонақаев жайлы естеліктер мен жалынды
сөздерін айтты.
Мемориалдық тақтаны Златополье селолық округінің әкімі Сипульдин Сакен Сабыржанұлы
және Бурабай ауданының мәслихатының депутаты Қ.К. Шаяхметов ашты.
Салтанатты жиын оқушылардың орындауындағы концерт және бейнебаян көруімен
аяқталды .