Текст
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты митинг өткізілді.
Іс-шараға Златополье селолық округінің әкімі Сипульдин С.С., ауыл тұрғындары
және қонақтар қатысты. Златополье селолық округінің әкімі Сипульдин
С.С. , мектеп директоры Шахметов Ж.Е., және тылда еңбек еткен ардагер
Баймагамбетов Каиркен-ата келген ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап,
өз тілектерін білдірді. Қыршын кеткен боздақтарды үнсіздік минутпен еске алып,
ескерткішке гүл шоқтары орнатылды.