2017 жылдың 15 сәуір күні Көкшетау қаласында дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 3 облыстық мектеп- интернатында мектеп оқушылары арасындағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогына ашық облыстық пікір-сайыс турнирі өтті.
Мақсаты: Қазақстан қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және
талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып,
нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру.
Турнирдің қазақ лигасына мектебіміздің «Жігер» командасы қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.
Командамызды құттықтай отырып ,
болашақта тек биік жетістіктерден көріне беруіне тілектеспіз!