Мектеп жанындағы «Балапан» шағын-орталығында «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді.
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау. Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санаутүсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету. Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл,көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу. Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақ өте мазмұнды, әсерлі өтті.