Мектеп жанындағы «Балапан» шағын-орталығында «Таным» саласындағы жаратылыстану бойынша «Үй жануарлары» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті өткізілді.
Білім беру салалары: Таным, Қатынас, Шығармашылық. Бөлімдері: Тіл дамыту, Жаратылыстану, Жапсыру
Мақсаты: а)Білімділік: балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.Олардың түрлерін
бір-бірінен ажыратуға,төлдерін тануға үйрету.
ә) Дамытушылық: Үй жануарларына байланысты тақпақ,сұрақ – жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту.
б) Тәрбиелік: Олардың бізге тигізер пайдасын айту, күтіп баптауға,қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ өте мазмұнды, әсерлі өтті. Балалар үй жануарларын және олардың төлдері туралы түсінік алды.