Текст
22 наурыз күні барша түркі тектес халықтарға ортақ болатын
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы ауданымызда тойланып өтті.
Ауданының білім беру ұйымдары, жеке меншік ұйымдары орталық алаңда
киіз үй құрап, келген қонақтарды жылы лебізбен қарсы алды. Наурыз көже
және де өзге ұлттық тағамдардан дәм татып, ортаға салған өрнелеріміздің
куәсі болды. Бурабай ауданының білім беру ұйымының атынан бірнеше
мектептер киіз құрап, жиылған халықпен бірге наурыз мейрамын тойлап өтті.
Осы іс-шараға біздің, Первомай орта мектебінің, ұжымы да ат салысып өтті.
Ұжымымыздың бір тобы құрылған киіз үйді безендіріп, наурыз көже әзірлесе, енді
бірі келген қонақтарға қазақтың салт-дәстүрлерінің бірі – «Тұсаукесер»
рәсімін көрсетті.