"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Обалы ауылының негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Обалы отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы даламызға ұлыстың ұлы күні туды

31.03.2017

Ұлы даламызға ұлыстың ұлы күні туды

 

          Ұлыстың ұлы күні – Ұлыс күн. Наурыз ­– өте көнеден келе жатқан келе жатқан мейрамның бірі. Күні бүгінге  дейін жер шарындағы көптегегн елдердің дәстүрлі мерекесіне айналған. Бұл мереке жас жеткіншектерге бабадан келе жатқан дәстүрді насихаттаумен іспеттес. Ата-баба дәстүр,і әдет-ғұрыптары, рухани-мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Аталмыш оқиғаға байланысты  Первомай өңірінде Наурыз мерекесіде аталып өтті. Наурыз көже пісірілді. Қалыптасқан салт бойынша ел ақсақалдан бата алды.

Сахна безендіріліп, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік  іс-шараға мұғалімдер тарапынан да игі істер

көрсетіліп, «Тұсау кесер» дәстүріне, мектеп жанындағы «Балапан» шағын

орталығының бүлдіршіндері «Қаражорға» биімен күллі жұртты билетсе, А. Кабденова  орындауында «Мереке» әні шырқалып, 6-сынып оқушылары А.Кабденова  мен А.Жоламанованың орындауында «Отырар» әні жұрт назарын аударды. Бастауыш сынып мұғалімі Бекбулатова Ш.Ж. жетекшілігімен ұлттық аспапта ойналған оркестр құрылып, сахнаға жан бітіргеніне куә болдық. Аудан көлемінде жеңімпаз атанған «Томирис» пен «Қызғалдақ» би тобы көпшіліктің көңілінен шықты.

Елдің назары спорттық ойындарды көріп, жеңімпаздар да марапатталды. Күн мен түннің теңелген

шағына тура келген жаңа жыл мерекесі елімізге тоқшылық, дастарханға молшылық әкелсін деп тілейік.

 

Первомай орта мектебінің кітапханашысы

А.Кабдуллина

 

Просмотров: 372


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст