Текст
Первомай орта мектебінің жаңында «Балапан» шағын орталығында 8 наурыз
Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Анам менің - жан Анам!" атты ертеңгілік
өтті. Балалар өздерінің аяулы аналары мен қадірлі әжелерін шынайы көңілдерінен шыққан ақ тілектерін айтып, ән - жырлары мен өлең жолдарын арнады.
Аналар және әжелермен өткізілген күлкілі және қызықты сайыстар ешкімді бей-жай қалдырмады. Қонақ болып келген әрбір ана, әжелеріміз өткен ертеңгіліктен қуаныш, көңілді күлкі, көптеген жағымды эмоциялар алды. Балалар өздерінің қолдарымен жасалған сыйлықтарын ұсынып, қуанышқа бөледі. Мерекелеріңізбен, қымбатты әжелер, мейірімді әйелдер, аяулы қыздар!