Растап қыздар жүзіндегі пәктігін,
Бір ерекше көрінеді март бүгін.
Күлкіменен жүзі жанған арулар,
Паш етеді берекенің шаттығын.
Ғаламда теңдесі жоқ екі нәрсе бар десек қателеспейміз.
Бірі – ана мейірімі, екіншісі- күн шуағы. Олай болса, аналар мерекесінің дүние
жасарған кезде сай келуі – ғажайып табиғи құбылыс. Ағымдағы айдың 8-наурыз күні
аудандық мәдениет үйінде «Арқа аруы-2017» сайысы ұйымдастырылып, оған әр түрлі саладағы арулар
қатысып, өз өнерлерін ортаға сала білді. Көздің жауын аларлық сұлулығымен, сахнаға көрік бере білген арулар арасында ақылына көркі сай, шебер қолды, сұлулық пен таусылмас төзімнің иесі, ибалы да, нәзік ару Первомай орта мектебінің информатика пән мұғалімі Әлібек Айгүл Сағидуллақызы өз ерекшелігімен көзге түсе білді. Өз шеберлігін сән үлгісінде тігілген көйлектерін көргенде көрермен қауымның шапалағы қолдағаны даусыз еді. Аталмыш мереке өз мәресіне жеткен кезде «Арқа аруы-2017» байқауының III дәрежелі диплом иесі Айгүл
Сағидуллақызының марапатталғанына куәгер бола білдік.
Жас маман иесі, талай белесті бағындырарына сенімім мол.
Келешекте гүлдей жайнаған өмір жолына шығармашылық табыс, тірлік толқынында теңдессіз мәрттік пен қуаныш, мықты денсаулық тілеймін.
Первомай орта
мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Д.М.Кыдырекешова