Текст
Наурыз айының 3-жұлдызында 6-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік кеш болып өтті. Кешті мектеп
директоры Жасұлан Еслямбекұлы ашып, аналарға деген өз лебізін білдірді. Кеш
барысында аналарға арналған ойындар ойнатылып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сонымен қатар кеш оқушылардың бұрала билеген биі мен шырқаған әнімен, жүректерінен
шыққан тілектерімен жалғасын тапты. Кеш соңында оқушылар аналарына арналған өз
қолдарынан жасалған ашық хаттарын тарту етіп аналарының алғыстарына бөленді.
Первомай орта мектебінің
6- сынып жетекшісі
Әлібек Айгүл