«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында
2017 жылы 2-13 ақпан аралығында өтіп жатқан
«Өзін-өзі тану» онкүндігінде өткізілген іс-шаралар
Өзін-өзі тану пәнінен өткізіліп жатқан онкүндіктің аясында 10-ақпан күні «Екі Жұлдыз» тақырыбында «жұлдызды сағат» атты музыкалық-әдеби-білім кеші ұйымдастырылып өткізілді. Кешті өткізудің мақсаты, мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуалды мәдениет пен сыни ойлауды қалыптастыра отырып, ұстаз бен шәкірт арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру болды. Кештің өту барысында көрермендер сайыстың 4 кезеңімен, әділқазы алқасы мүшелерімен танысып, кешке қатысушы сайыскерлерімізбен жүздесті. Кештің өту барысында сайысқа қатысушыларымыз өздерінің өнерлерімен бөлісіп, тапқырлықтары мен шығармашылықтарын көрсете білді. Бірі әсем әуен дауысымен ән шырқаса, енді біреуі тапқырлығын көрсетіп, таныстыру салтын ерекше көрсете білген. Өлең жолдарын құрастыру да өнері байқалып, образға кіріп, көріністен үзіндіні сахналауды да көрермендеріміз тамашалады.
«Екі Жұлдыз» тақырыбындағы кеш өз мәресіне көңілді нотада жетіп, барлығының көңілінен шықты. Қатысушыларға мадақтама грамоталары ұсынылып, 1,2,3 жүлделі орындарға сыйлықтар беріліп, номинация иегерлері де байқалды.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Шахметова У.Ш.