«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында
2017 жылы 2-13 ақпан
аралығында өтіп жатқан
«Өзін-өзі тану» онкүндігінде өткізілген іс-шаралар
Онкүндіктің аясында 8-ақпан күні 8-сынып оқушыларымен «Бұл палата ҚР-ның жастар ұйымдары жасөспірімдердің бойындағы патриотизм сезімін дамытудың
тиімді механизмін ұсына алады» тақырыбында пікірталас өткізілді. Пікірталастың өтуі
кезінде оқушылар патриотизм жайлы маңызды сұрақтарға тоқталып өтіп, біраз пікір алмасты.
Осындай пікірталастарды оқушылар арасында өткізіп отыру өте тиімді, әрі оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін, көзқарастарын дамытуда көп әсерін тигізеді.
Пікірталас ұйымдастырушы Каирбаева А.Т.