«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында
2017 жылы 2-13 ақпан аралығында өтіп жатқан
«Өзін-өзі тану» онкүндігінде өткізілген іс-шаралар
Онкүндіктің аясында 6-ақпан күні 9-сыныппен «Қызығы толы бұл әлем» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ ақиқақ құнылығына негізделе, оқушыларды жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету, қолдағы бар нәрсені бағалай білу қасиетіне тәрбиелеу мақсатымен өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар жалпы әлем кереметтерін еске түсіріп, сайыс сабақ ретінде
өткен сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін сынай түсіп, әлемге деген көзқарастары мен әлемдегі бар қызығы мен кереметтері жайлы пікірлерін айтып, болашаққа көзқарастарын танытты.
Бұл сабақ ауқымды тақырыпты болғандықтан, сынып оқушылары түлек сыныбы екенін ескере отырып, болашақ жарқын өмірге деген жақсы, оң көзқарастарын қалыптастыру ескерілді.
Оқушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ оларға ұнағаны байқалды.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Шахметова У.Ш.