Текст
«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында
2017 жылы 2-13 ақпан аралығында өтіп жатқан
«Өзін-өзі тану» онкүндігінде өткізілген іс-шаралар
Онкүндіктің аясында «Менің арманым» тақырыбында 5-сынып оқушыларымен
6-ақпан күні ашық сабақ өткізілді. Сабақ сүйіспеншілік құндылығына негізделіп өткізілді.
Оқушылар сабақ мазмұнын ұғына отырып, сайыс сабақ ретінде өткен сабаққа белсене
қатысты. Болашақ армандары, өмірге деген көзқарастары жайлы пікірлерін айтып, өз
ойларын жеткізе білді. Оқушылардың сабаққа белсене қатысуынан, сабақ оқушыларға
ұнағаны байқалды.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Жоламанова А.Х.