Текст
Көктемгі бірінші мейрамды біздің шағын орталығымыз ертеңгілікпен атап өтті. Тәрбиешілер алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізіп, балаларға аналар мен әжелерге арналған ән мен би, тақпақтар үйретті. Әсем гүлдермен әшекейлеген залда балалар қонақтарды қарсы алды. Аналар мен әжелерге арналған сайыстар жүргізілді. Осындай іс-шаралар баларда мейірбандық пен адамгершілік сезімін тәрбиелейді.