Елімізден шыққан өнер майталмандары көп ақ, соның ішінде менің атам Бекенов Бауыржан Ғазезұлы сонау КСРО кезінен спортпен шұғыданып бірнеше рет жеңіске жетіп, ел атағын шығарған жан. Мен бүгін Қазақстан және Ресей чемпионы, жоғарғы санаттағы жаттықтырушы Бауыржан Бекенов жайында баяндағым келіп отыр.
Бауыржан Бекенов 1962 жылы Зеренді ауданының Қарашілік ауылында туған. Бала кезінде Қарашілік жерінде тұрып, содан кейін Щучинск қаласына көшіп келеді. Қаладағы № 5 мектепте оқып жүріп, қаладағы белгілі жаттықтырушы Мухиннің бокс секциясына қатысады.
1979 жылы спорт шеберлігіне кандидат нормасын орындаса , 1982 жылы КСРО спорт шебері атағын алады. Одан кейін әскер алдындағы борышын өтеуге Омбы қаласына кетеді. Әскерде жүріп, ол жақта спорт өнерін әрі қарай жалғастырған боксшы 1983 жылы Ресейдегі «Динамо» клубының чемпионы атағын жеңіп алады.
1984 жылы Липецк қаласында өткен «Буревестник» клубтары арасындағы спортшы КСРО елінің атынан финалға шығып, Липецк қаласының шеберін жеңіп алады. 1985 жылы «Байкал журналының жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнирдің үздік боксшысы, Ереван қаласында өткен ұрыста КСРО чемпионатының жүлдегері атанады, 1986 жылы Сочи қаласында өткен жарыста Ресей чемпионы атанады. Оның сыртында Чехословакиядағы Васло Прохаски атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы, КСРО кубогынің жеңімпаз атағын алады. Осы жылы Ульянов облысының Дмитровград қаласында КСРО кәсіподағы орталық кеңесінің чемпионы болды. Бұл сенсация еді.
1985-1990 жылдары КСРО және Ресей құрама командасының мүшесі болады. Кейін «Ред Стар» клубының кәсіби боксшысы атанып, АҚШ, Канада, Англия, Шотландия, Ирландия, Германия мен Швециядағы жарыстарға да қатысып жүреді. Кәсіби боксшы , бокспен айналысқан жылдар ішінде 37 халықаралық жекпе-жек өткізіп, соның ішінде тек алтауынан ғана жеңіледі.
1991 жылы Барнаул қаласында өткен кәсіби боксшылар арасындағы бірінші Ресей чемпионатына қатысып, тағы да чемпион атанады.Рингте өнер
көрсетіп жүріп, беделі одан сайын өсе бастайды. Ол кісінің КСРО мен Ресей құрамалында өз орны болып, беделді жан болады. Бауыржан атамның Омбыдағы бапкерлері В. Лавров, М.Завьялов, Л.Киселев ол кісіні шешуші сәттерде (финалда) рингке шығарып, талай рет жеңіске жететін болған.
Бауыржан Бекенов 1992 жылы Омбы қаласындағы дене шынықтыру институтын бітіреді. Осы жылы Балтимор қаласында болған жекпе-жекте Америкалық әлем чемпионы Данка Рукисті екі мәрте накдаунға жіберіп, Омбылық боксы Бауыржан Бекенов КСРО құрамасының формасын киеді. Спортшы атамның дарыны кеңес бокысының техникалық үлгісіне айналады. Жастайынан боксшы болуға шешім қабылдаған Бауыржан атам, көптеген Омбылық спортшылар сияқты он жыл бойы Омбы денешынықтыру университеті қалашығында тұрады. Боксқа дейін ол кісі еркін күреспен де айналысқан. Мамандардың айтуынша Бауыржан атам спорттың бұл түрінен де биік белестерден көрінуі тиіс еді дейді. Бірақ, шапшаң әрі салмақты студент боксты таңдапты.
-1992 жылы Омбылық ОМОН-да кикбоксинг болып жұмыс істей бастадым. Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен бірге өз тәрбиеленушілерімен де оқу – жаттығу дайындығын жүргіздім. Жаттықтыру жұмысыммен бірге өзім де жаттығып, әртүрлі дәрежедегі динамолық жарыстарға қатыстым. Омбы қаласында саньяда мен панкратион тәрізді жаңа спорт секцияларын аштым. Шәкірттерімнің бірі Ресей спорт шебері Ямил Яфиндиов 2006 жылы панкратионнан екі салмақ дәрежесінде әлем кубогінің иесі атанса, 2007 жылы Сеул қаласында әлем чемпионы атағын жеңіп алды ,- деген екен атам көзі тірісінде.
Бауыржан Бекенов 326 ұрыс өткізіп, оның 254- де жеңімпаз атанған әлемдік бокысшы. Оның сыртында көптеген мектептерде денешынықтыру сабағының жаттықтырушысы болған екен. КСРО еліне атағы шыққан спортшы Ресей елін де талай мәрте таң қалдырған. Омбы қаласына әскери борышын өтеуге барған жерлесіміз, сол жердің тұрғыны болып қалады. Отбасын құрып, екі баланың әкесі атанады.
Жастайынан спортты мақсат еткен, спорттың ішінде боксты таңдаған Бауыржан Бекенов бала кезінен осы спорт өнеріне құмар болып өсті. Мектеп табалдырығынан бастап жаттықтырушыларымен бірге дайындалған боксшы, көптеген жерлерге барып бақ сынасқанннан кейін, басқа да шет елдерге шығып жүрді. Қанша мақтау алып жатса да, өз жеңісін, мақтау-марапаттауды жаттықтырушыларына арнайтын. Бір сөзінде Баукең атам «Леонид Киселев (жаттықтырушысы) бізге боксытың қыр-сырын үйретті. Ол қандайда бір кодтарға жолатпайтын. Бірақ ол бізге сенді. Рингтегі жекпе-жекте өзімізді техникалық жағынан қалай ұстау керектігін үйретті. Біз үлкен сеніммен бар теріміз шыққанша жаттықтық» деді ол. КСРО жерінің атағын шығарып жүрген боксшы, Ресей жерінде де жәйбірақат жатпады. Үнемі өз-өзін жаттықтырып, бірнеше ұрыстарға шығып, жеңіспен оралып жүрді. Ол кісі өз сөзінде үнемі «БОКСТАН МЫҚТЫ ЕШТЕҢЕ ЖОҚ»деп айтатын. Таңдауы бокс болған спортшының алтын, күміс, қола секілді бірнеше медальдары бар. Омбы қаласында жүрген жерлесіміз, спорт шебері соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп, сүйікті ісін де қойған. Өкінішке орай 57 жасына қараған шағында, туған күніне 4-5 күн қалғанда Омбы қаласында дүниеден озды. Қарашілік тумасының мәйіті, туған туыстарының арқасында, туған жері Щучинск қаласына қойылды.Оның есімі әрқашанда жерлестерінің есінде қалады. Оның шәкірттері спорттағы өз жетістіктерін одан әрі еселеп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сөз соңында айтайын дегенім келер ұрпақ бойына патриоттық сезімді ұялатып,елдің саналы болашағын тәрбиелеу басты мақсатым. «Мәңгілік ел»-барша Қазақстандықтың ұлттық идеясы болса, сол идеяны жүзеге асыру жолында еңбек етсем,осындай ұрпақтар біздің Мәңгілік еліміздің тамырын тереңдетіп,қазығын бекіте түсері хақ. Сондықтан елімізден шыққан атақты адамдарды келер ұрпақ тануы тиіс деген ойдамын. «БОКСТАН МЫҚТЫ ЕШТЕҢЕ ЖОҚ » Б. Бекенов
Қазақ жерінен шығып, қазақтын атын шығарып жатқан боксшылар кем емес. Орыс болсын, қазақ болсын спортшы жерлестеріміз көп ақ.. Жылдан жылға, жеңіске жетіп саны көбеюде. Әрине қуантарлық жағдай. Бірақ, соның ішінде, КСРО еліне атағы әлем бойынша таралып, спорт шебері болып келе жатқан атам Бекенов Бауыржан Ғазезұлын бірі білсе,бірі біле қоймас. Соған орай ол кісі жайлыдерек жинап, спортшы туралы мәліметтерді насихаттауды жөн көрдім.
«Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді» демекші, аты жер жарар жан болса да, өз еліне таралмаған спортшы жайында жазсам, ел арасына тарап, аты шыға ма деген ойдамын.
Первомай орта мектебінің оқушысы
Русланов Ерұлан Сайранұлы