"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Обалы ауылының негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Обалы отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбында тренинг-дәріс

13.12.2019

/public/files/2019/12/13/131219_132642_13-gheltoksan-2019-2020-lekciya-trening-9-11-klassy.pptА.С.Макаренко: “Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы” деп айтып кеткен. Бала өз балалық шағынан қауіпсіздік сезімімен өтуі керек. Шетел мамандары қауіпсіздіктен арылған, түрлі жәбірлеуден өткен балаларды «дамуға бейімделген» деп атайды. Мұндай қобалжулардың әсерлері қайтымсыз және өмір бойы өз септігін тигізеді. «Жәбірлеу» мен «баламен қатал болу» түсініктерінің мәні екі түрлі.

Өмірде, күнделікті күнде жасөспірімдердің арасындағы қарым-қатынаста әр түрлі ауыр жағдайлар болуы мүмкін, оларға деген қысым, зорлық көрсетілуі мүмкін. Осыған орай 13-желтоқсан күні Первомай орта мектебінде «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбында тренинг-дәріс өткізіліп, оған тәрбие ісі меңгерушісі, мектеп психологы және 9-11 сынып оқушылары қатысты. Тренинг-дәрістің басталуында «Көңіл-күйім тамаша» атты жаттығу өткізілді. Одан кейін оқушыларға өмірде кездесетін, олар тап болатын зорлық-зомбылықтың түрлері таныстырылды. Оқушылар ақпарат алып, пікірлерімен бөлісіп, постерлермен жұмыс жасады. Тренинг барысында «Арқамен арқа», «Аяқталмаған сөйлемдер...» сияқты ойындар ойнатылды. Тренинг соңында оқушыларға «Егер сіздің жақындарыңыз немесе досыңыз жәбірленгенін айтса, не істеу керек?» деген сұраққа ұсыныстар берілді. Рефлексия жасалды.

 


       

Просмотров: 634


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст