Сабақтың тақырыбы: Ұлт – рухының асқақтауы
Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы
ынталандыратын ұлттық құндылықтарды дәріптеу; Оқушылардың бойында ұлттық сананы
ояту, жас ұрпақ санасына, туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш
сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Көрнекілігі: топтық нышандар, көгершіндер, тапсырмалар, алты қалпақ
Құрал-жабдық: интербелсенді тақта
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Пәнаралық байланыс: өлкетану, қоршаған
орта, ән-күй, тарих, әдебиет
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Амандасу
ә) Шаттық шеңбері
ІІ Тәрбие сағатының мақсатын ашу
1. Оқушылар пікірі
2. Видео
3. Жаңа сабақ «Ұлт – рухының асқақтауы»
4. Топқа бөлу (қиынды суреттер арқылы)
5. Тапсырмалар
а) «Көркем сөз – көңіл кілті» (зар заман, кеңес дәуірі,
қазіргі ақындар)
ә) «Білім - басты
құндылық» (Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі. Латынша өлең жолдарын оқу)
б) Ұлттық код ассоциациясы
в) «Ұтқыр сауал – ұтымды жауап» (сұрақ-жауап, ел
турасындағы мақал-мәтелдер)
г) Шендестіру. «Қазақ – қашанда қазақ»
6. Кері байланыс (көгершіндерге тілек жазып ұшыру)
7. Рефлексия «Ақылдың алты қалпағы»